+
+

Энергетикалық ауысу

Энергиямен қамтуда өзгерістер неліктен қажет?

Бүгінгі таңда энергияның ғаламдық жеткізілімдерінің 80% артығы қазба отынды және ядролық энергия көздерін пайдалануға негізделеді. Дегенмен энергиямен қамтудың бұл жолымен жүру бірқатар проблемалармен түйіндесетіні баршаға мәлім. Оларды екі топқа жинап көрсетуге болады:

  • Қазба отын мен ядролық энергия көздерінің  шектеулілігі: қазба отынды да, ядролық энергияны да алу үшін шектеулі табиғи кендерді өңдеу керек. Дегенмен қазба отындар көзі биомасса есебінен қайта қалпына келеді, бірақ бұл процесс миллионы жыл жалғасады және адамның көзқарасы тұрғысынан қисынсыз. Қазба отын мен ядролық энергия көздерінің нақты сарқылу уақыты олардың тұтынылу қарқындылығының қандай екеніне, пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарының ашылуына және материалмен жұмыс жасаудың жаңа технологиясының әзірленуіне байланысты. Десек те, жалпы қазіргі тұтынылу қарқындылығына сүйене отырып, қазба отын қорлары мен ядролық энергия көздерінің басым бөлігі осы жүзжылдықтың аяғына қарай түгесіледі деп шамалауға болады.
  • Қоршаған ортаға және өмір кеңістігіне теріс әсері: қазба отын мен ядролық энергияны пайдаланумен қоршаған орта үшін айтарлықтай теріс әсерлері мен қауіптері байланысты. Мұндай әсерлердің бірі едәуір шамада қазба отынды жағуға жатқызылатын антропогендік парниктік әсердің салдары ретінде климаттың өзгеруі болып табылады. Ядролық апаттардың қауіптілігі және ядролық қалдықтарды сақтауға қатысты қалған шешілмейтін проблема осы жағдаймен байланысты екі қосымша проблема болып табылады.
web-master.kz