Энергетикалық дағдарыстан шығуға арналған стратегиялық шешімдер
«Isoplus» компаниясының көзқарасы тұрғысынан біз энергияны жеткізудегі ұзақ мерзімді проблемаларға арналған үш басты стратегиялық шешімді көреміз:
- Жүріс-тұрысты өзгерту: тұтынушылардың жүріс-тұрысын өзгерту нәтижесінде пайдалы энергияға деген қажеттілік төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, нәтижесі ретінде алғашқы энергияны тұтыну да төмендейді. Яғни, пайдалы энергияға деген қажеттілік төмендеген сайын алғашқы энергияға деген қажеттілік те төмендейді. Дегенмен пайдалы энергия/алғашқы энергия қатынасы сол қалпында қалады.
- Энегрияны пайдалану тиімділігін арттыру: энергияның өнімсіз шығынының төмендеуі нәтижесінде пайдалы энергияға деген қажеттіліктің дәл сондай деңгейіне қарамастен, алғашқы энергияға деген қажеттілік төмендейді. Пайдалы энергияға деген қажеттілік сол қалпында қалады, бірақ пайдалы энергия/алғашқы энергия қатынасы артады және осының салдары ретінде алғашқы энергияға деген қажеттілік төмендейді.
- Өздігінен қалпына келетін энергия көздеріне ауысу: осының нәтижесінде пайдалы энергия деген қажеттілік те, алғашқы энергия деген қажеттілік те өзгермейді. Десек те, өздігінен қалпына келетін экологиялық таза энергия көздерін пайдалану арқасында энергияны тұтынудың қоршаған ортаға деген теріс әсері барынша азаяды.