+
+

Өнеркәсіп

«Isoplus» компаниясы әртүрлі орталарды қайта айдау үшін пайдаланылатын сіздің құбырларыңызға арналған лайықты жылылықты оқшаулаумен қамтамасыз етеді. Полиуретанмен оқшаулау -180-нен +120°С дейінгі температура ауқымында пайдаланылады. Әртүрлі орталарды қайта айдауға арналған құбыр ретінде әртүрлі болат құбырларды (тот баспайтын болат, құйылған болат, жабындалған болат, созылған болат, үстіңгі беті арнайы өңделген болат…) немесе пластмасса құбырларды (ПЭ, ПП, ПВХ…) пайдалануға болады. Қаптама құбырлар үшін ең алдымен өзін жақсы танытқан полиэтилен құбырлар, сонымен қатар мырышталған болат, алюминийден немесе NIRO-дан жасалған «Spiro» жапсары қиюласқан құбырлар пайдаланалылады. Сонымен қатар, «болаттағы болат» құбырлары да байланысқан жүйені құрайтын полиуретанды оқшаулағышпен дайындалуы мүмкін. Сондай-ақ, тапсырыс берушінің тілектеріне сәйкес қадағалардың әртүрлі кабельдеріне немесе құбыр жылытқыштарына арналған қыздыру желісінің құбырлары салынады. Сонымен қатар, өзінің «модульдік жүйесі» және көбікті енгізудің аса икемді кідірмелі процестері арқасында өте көп шешімдер барынша аз мөлшерде қол жетімді.

Бұл туралы толық ақпаратты біздің өнеркәсіптік құбырлар өндірісінің сұрыпталымынан табуға болады.

web-master.kz