Зертхана
Қорғаныш қабықшаның негізгі қасиеттері:
- Полиэтилен құбыр-қабықша
- МЕСТ 30732-2006 бойынша мырышталған құбыр-қабықша
- Тәжделудің болуы – жоғары адгезия
- Құбыр-қабықшалардың диаметрі 90-1200 мм
- Тығыздығы жоғары полиэтилен ТЖПЭ (HDPE)
- ПЭ таңбасы 100
- Жапсарсыз экструдерленген, соққыға төзімді және жарылуға берік, тұтқыр-иілгіш, қатты полиэтилен
- Абсолютті тығыздығы – 0,95 кг/дм
- Аққыштық шегі – 23 Н/мм2
- Жарылу кезіндегі салыстырмалы ұзару – 350 %
- Жылжу кезіндегі серпімділік модулі – 500-600 Н/мм2
- Жер қыртысында кездесетін барлық химиялық қосылыстарға жоғары қарсыласу дәрежесі
- Жарық тұрақтандырғышпен жабдықталған
Көбікті полиуретанның негізгі қасиеттері
- Қатты көбікті полиуретан (ҚПУ)
- Екі компонент: полиол + изоцианат. Өндіруші: BASF
- Көбіктендіретін агент: циклопентан. Экологиялық тұрғыдан қолайлы, құрамында фреондар жоқ
- Жылу өткізгіштігі: λ50 = 0,027 вт/(м*К)
- Көбіктің тығыздығы: кг/м3
Озон қабатының бұзылу әлеуеті және ғаламдық жылыну әлеуеті мәндерінің төмендеуі ҰҚСАС ӨНІМДЕРМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 30% ТИІМДІРЕК
Өндірушілердің басым көпшілігі жылу оқшаулағыш материалды дайындауда реагент ретінде салыстырмалы түрді жылу өткізгіштіктің жақсы коэффициентіне ие СО2 пайдаланады, Лямбда = 0,033 Вт/м·К.
ISOPLUS BASF компаниясының 2-компонентті (Полиол және Изоцианат) жүйесін пайдаланады
Реагент және сонымен қатар үшінші компонент ретінде ISOPLUS Циклопентанның көмірсутегін (С5Н10) пайдаланады. Экзотеримиялық және химиялық реакция процесінде жылу өткізу коэффициенті анағұрлым аз және де шағын массасы сақталған жоғары сапалы оқшаулағыш материал туындайды (Лямбда = 0,02753 Вт/м·К).
Осының есебінен жылу желілеріндегі жылудың шығыны 30% төмендейді.
Өнімнің бірегей ерекшеліктеріне біз мыналардың арқасында қол жеткіземіз:
- Жылу өткізгіштік коэффициенті өте жақсы 0,0275 Вт/(м*К), жоғары сапалы оқшаулағыш материалды қолдану арқылы және бұл жылумен қамту желілерінде жылу шығынының 30% азаятынын білдіреді. Біз фреондардан 100% бос, циклопентан көмірсутегінің негізінде жұмыс істейтін, экологиялық қолайлы оқшаулағыш материалды қолданамыз;
- Өзіміздің жеке экструзиялық қондырғыларда ПЭ100 таңбалы тығыздығы жоғары полиэтиленнен (ТЖПЭ) қорғаныш құбыр-қабықшаларды өндіру және құбыр-қабықшаларды тәжді разрядпен өңдеу арқылы. Осылайша, біз қорғаныш қабықша – оқшаулағыш материал – жұмыс болат құбыр конструкциясының жақсы тұтасуына (адгезия) қол жеткіземіз және жылу желісінің төзімділігін қамтамасыз етеміз.
Өндірістің толық бағдарламасын орындалуы кез-келген күрделіліктегі бір қалыпта құйылған бұйымдар, құбырлардың жапсарын оқшаулаудың төрттен артық түрі, 50 см дейінгі дәлдікпен кемуді және зақымдалуларды бақылау және табу жүйесі және басқалары толықтырады.