Жылумен қамту
Аудандық орталықтандырылған жылумен қамту соңғы отыз жыл ішінде ерекше маңызға ие болды және қазіргі таңда энергияны тиімді әрі тұрақты пайдалану туралы бізді қазіргі заманғы түсінігіміздің ажырамас бөлігі болып табылады.
Орталықтандырылған жылумен қамтудың негізді тұжырымдамасы жылу көздері мен тұтынушыларды физикалық кеңістіктік бөлуден тұрады. Жылумен қамту желісі бойынша жылу бірнеше километр аралықта тұратын тұтынушыларға тасымалданады. Тек осы жағдайда экономикалық және экологиялық таза жылумен қамтудың нақты түрлері мүмкін болады.
Аудандық орталықтандырылған жылумен қамту тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды, сонымен бірге өнеркәсіптік ұйымдарды бөлме-жайларды жылыту мен суды қыздыру үшін пайдалануға болатын жылумен қамтамасыз етеді; бұл ретте жылу өндірушіден тұтынушыға құбыр желілерінің таза, энергия үнемдеуіш және аз ғана лақтырындыларды шығаратын жүйесі арқылы жеткізіледі.
Isoplus компаниясы алдын ала оқшауланған құбырларды ең заманауи өндірістік жабдықтарда отыз бес жылдан аса уақыт бойы дайындап келеді және Еуропадағы жетекші өндірушілердің бірі болып табылады.
Біздің тәжірибеміз қызметтердің толық сұрыпталымымен толығын отырады. Бұл Isoplus компаниясын Еуропадағы және Қазақстандағы көптеген компаниялар үшін бизнесте сенімді серіктес етеді.