+
+

Монтаждау тобы

Сапаны бақылау тізбегінің маңызды буыны ретінде құрылысты қадағалауға барынша жоғары назар аударылуы керек. Бұл жеке аймақтық монтаждау орталықтары көмегімен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстарын орындау кезінде сапаны қамтамасыз ету бойынша шараларды монтаждау бөлімшесінің сапаны қамтамасыз ету бөлімі тікелей жүзеге асырады. Isoplus компаниясының жауапты және арнайы оқытылған инженерлері, техниктері, құрылыс жұмыстарының жетекшілері, аға монтерлері және монтерлері Орталықтандырылған Жылумен қамту Жүйелерін Өндірушілер Бірлестігінің (AGFW) және Германияның Федаралдық Жылу жолдарын Өндірушілер Кеңесінің (BFW) сәйкес сертификатталған тексерістерінен өткен.

Монтаж сапасын қамтамасыз ету жөніндегі бөлім қызметінің басқа түрлеріне құрылыс жұмыстары басталғанға дейін оқшаулау және саңылаусыздау жұмыстарын жүргізудің жалпы шарттарын тексеру, сонымен қатар ауа райын бақылау жатады. Сондай-ақ, жеке жұмыстарды орындау кезінде Isoplus компаниясының штаттағы монтерлеріне бақылау жүгізіледі. Мысалы, жұмысты жеке орындаушыны дәл сәйкестендіру үшін әр жалғастырғышқа арнайы кодты нөмір салынады.

web-master.kz