+
+

Желілерге мониторинг жасау

Құбыр желілеріне мониторинг жасау

Құбыр желілеріне мониторинг жасау қашанда өзінің өзектілігін сақтайтын және қазіргі таңда жоғары мәлімділікке ие мәселе болып табылады. Құбыр желілерінің мониторинг жасау жүйесімен жабдықталған толық ірі ауқымдағы құбыр желілері мұндай жүйенің сатып алуға, техникалық инновацияларға және жеңілдетілген пайдалануға жұмсалатын шығындардың төмендеуіне алып келетінін көрсетті. Бұл сондай-ақ ұсақтан бастап орта ауқымдағы құбыр желілерінің жүйелеріне арналған құбыр желілеріне мониторинг жасау жүйесін құрастыруды қызықты іс етеді. Желіге үздіксіз сенімді мониторинг жасау сұйықтықтар ағатын немесе кіретін ақаулы құбырлардың жылдам табылуын және оқшаулануын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде үнемі ағу салдарынан құбыр желісінің немесе құрылыс материалдарының кез-келген қосымша бүлінуінің алдын алуға болады.

Қадағалар технологиясында нарықта сыннан өткізілген және сенімді, жалаңашталған мыс сымдар пайдаланылатын IPS-Cu жүйесі бекіді.

Жабдық технолгиясында жылжымайтын және жылжымалы жабдық жағдайындағыдай, аналогтық және цифрлық жүйелер арасындағы айырмашылықты ескеру маңызды. Аналогтық жабдық пайдаланушыны бақыланатын құбыр желісінің жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді (яғни, проблемалар болмайды немесе дымқылдану орын алады). Сонан соң проблеманы осы жұмысқа тартылған және өзінің жеке жабдығын пайдаланатын білікті техник дәл оқшаулауды орындауы керек. Керісінше, цифрлық жабдық пайдаланушыны жағдай туралы ақпараттың жаңартылуымен қамтамасыз етіп қана қоймай, проблеманың нақты туындау орнын автоматты түрде табуды да жүзеге асыра алады. «Isoplus» коспаниясының барлық өлшеуіш жабдықтары біздің электр сымдар жүйесімен, сондай-ақ, басқа дайындаушылардың ұқсас жүйелерімен бірге пайдалануға болатындай етіп орнатылады. «Isoplus» компаниясының жабдықтарының икемдігі кең ауқымда қолдану мүмкіндіктерін және сәйксінше әр жеке тапсырыс берушінің нақты талаптарын қанағаттандыруға икемделген проблемалары шешу әдістерін қамтамасыз етеді.

Цифрлық өлшеулерәдістемесі

Цифрлық өлшеулер әдістемесі әрқашан үлкен мәлімділікке ие болып келді. Өлшеу деректерін компьютерде беру және талдау арқасында мониторинг желісін жаңартуға және жетілдіруге арналған көптеген мүмкіндіктер бар.

Шын мәнінде, айырмашылықты жылжымалы және жылжымайтын жабдық арасында, сонымен қатар пайдаланылатын жабдық түрін анықтайтын талаптар арасында жүргізу керек. Сол жабдықты әзірлеу кезінде жабдық компоненттері арасындағы үйлесімділікке ерекше назар аударылды және бұл «Isoplus» жабдықтарының компоненттері арасындағы еш қиындықсыз өзара әрекеттесуге алып келді.

Мыс сымдар жүйесіне арналған цифрлық өлшеу процедуралары

«Isoplus» компаниясының Digital-Cu жүйесі мыс сымдардың барлық жүйесіне немесе уақыт бойынша импульс кідірісін өлшеуге негізделген сымдардың жүйелері үшін өзін жақсы танытқан және сенімді мониторинг жасау жүйесі болып табылады.

Мониторинг және құбыр желісінде проблеманы табу импульс уақытының кідіруін өлшеудің арнайы типін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Электр импульстарының жүріп өткен уақытын және ақау жаңғырықтарын өлшеу арқылы проблема туындаған орынды дәл анықтауға болады. Сонымен қатар, өлшеудің осы әдісін пайдалана отырып, көптеген тоқтап қалуларды анықтауға және олардың орналасқан жері айқындауға болады. Сондай-ақ, осылайша, кабель жүйесіндегі кез-келген сипатты ақаулықтар да (үзілген сым, ортаны қайта айдау үшін құбырмен жалғастыру) автоматты режимде оңай табылады. Және де «Isoplus» компаниясының бағдарламалық жасақтамасы осы жүйедегі өлшеу деректерінің толық тіркелуі мен талдануын жүзеге асырады. Сонымен бірге, пульсация диаграммаларын дәл бейнелеу нәтижесінде деректерді қосымша қолмен талдауды орындауға болады. Сәйкесінше, бұл жүйені қолданудың басқа салалары үшін де пайдалануға болады. Өлшеудің барлық нәтижелері автоматты түрде сақталады және кейін кезектегі талдау мен құжаттау үшін пайдалануға болады. Мониторингтің жалпы ұзындығы 1 270 км 127 дейін өлшеу нүктесін жинауға болады. Осылайша, желінің кеңейтімі кез-келген уақытта экономикалық тұрғыдан орынды болып табылады.

Аналогтық өлшеулер әдістемесі

Желілерген мониторинг жаусаудың дәстүрлі жүйелері аналогтық болып табылады және цифрлық өлшеулерге арналған жабдық үлкен тынамалдылыққа ие болып келе жатқанынан қарамастан, анаологтық жабдық мониторингтің көптеген жүйелерінде әл іде маңызды компонент болып табылады. Цифрлық өлшеуге арналған жабдықтағы барлық деректер компьютерленген талдау жүйесіне берілетін болса, аналогтық жабдық ең алдымен оның басқа компоненттерден дербестігімен сипатталады. Өлшеу нәтижелерін көрсету және талдау тікелей блокта жүзеге асырылады. Бұл мобильділік пен дербестіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және құрылыс жұмыстарын қабылдау, құбыр жалғастырғыштарды немесе компьютерлік жүйелер толық функционалдылыққа ие бола алмайтын орталарда сынау сияқты жағдайларда артықшылық болып табылады.

Көп жылдар бойы пайдалану және ұдайы одан әрі дамыту нәтижесінде аналогтық өлшеулерге арналған заманауи жабдық дәлдік пен ыңғайлылықтың жоғары деңгейін ұсынады. Мұның үстіне «Isoplus» компаниясының мониторинг жасауға арналған аналогтық жабдығы өзінің беріктігімен және функционалдық мүмкінждіктерімен сипаттамлады. Сондай-ақ, «Isoplus» компаниясыныңөнімдерінің барлық тобы байланыстың айрықша нүктелерінде бір-бірімен үйлеседі. Нәтижесінде технологияның аралас формалары бар мониторинг желілері қиындық туғызбайды және бұл көп жағдайда проблеманы оңай әрі аз шығынмен шешуге мүмкіндік береді. Біздің цифрлық жабдығымызбен қатар аналогтық жабдығымыз да тұрақты орнатылған стационарлық блоктарда, сонымен қатар жылжымалы және жылжымайтын типтегі блоктарда қол жетімді.

web-master.kz