+
+

Негізгі энергетикалық терминдер

Төменде берілген терминдер жалпы энергияның әртүрлі категорияларын сипаттайды:

Алғашқы энергия: әдетте, өзінің «шикі» түріндегі энергия. Ол әлі пайдалануға болатындай етіп түрлендірілмеген және өңделмеген (мысалы, шикі мұнай, күн сәулесі және т.с.с.)

Екінші энергия: түпкілікті тұтынушы пайдалана алатындай етіп түрлендірілген және өңделген энергия (мысалы, ақшыл мұнай өнімдері, электр энергиясы және т.б.)

Пайдалы энергия: пайдаланушы қалаған мақсатына пайдалана алатын энергияның әртүрлі түрі. Ол екінші энергияның түрленуі арқылы жасалады, мысалы, бөлмені жылыту, қозғалыс, электр жарығы және т.с.с.

Түрлену процесәнәі әр кезеңінде энергия шығыны орын алады және де мұндай жолмен жоғалған энергияны пайдалана алмаймыз. Энергия шығыны неғұрлым аз болған сайын, түрлену процесі соғұрлым тиімді жұмыс жасайды. Сәйкесінше, энергияның салдарлы шығындары пайдалы энергияның нақты мөлшерін дайындау үшін алғашқы энергияның қандай көлемі керек екендігінде шешуші фактор болып табылады. 

web-master.kz