+
+

Суықпен қамту

Әлемде аудандық орталықтандырылған суықпен қамтудың маңы күн санап артып келеді. Аудандық орталықтандырылған суықпен қамтудың негізгі принципі аудандық орталықтандырылған жылумен қамту принципіне ұқсас. Суықты өндіру мен тұтынуды кеңістікте бөлуге болады. Бұл салқындату жеке жүйеде емес, орталықтандырылған жүйе арқылы тиімді жүзеге асырылғанда мәнге ие болады.

Орталықтандырылған суықпен қамтудың екі негізгі түрі болады:

  • Жылу қолданыста бар жылумен қамту желілері бойынша тұтынушыларға тасымалданып, ақырында суыққа айналады.
  • Суық орталықтан өндіріледі және тұтынушыларға арнайы суықпен қату желілері бойынша тасымалданады.

Суықпен қамту желілері температураларының алғашқы диапазоны  6-дан 12°C дейін болады. Дегенмен химиялық реактивтер өндірісінде пайдаланылатын арнайы ерітінділерде өте төмен температураларымен салқындатуға арналған орталар да тасымалдануы мүмкін.

«Isoplus» компаниясы жылумен қамту желілеріне арналған компоненттермен қатар, суықпен қамту желілеріне арналған арнайы өнімдерді де жеткізеді. Құбыр желілерінің икемді жүйесін пайдалану кезінде оларды салуға жұмсалатын шығындарды төмендетуге болады. Анағұрлым ірі айдаушы құбыр желілері үшін негізінде құбыр желілерінің қатаң жүйелерін пайдалану ұсынылады. Қатаң КПУ-ның өзгеше оқшаулағыш қасиеттері сәйкес технологиямен бірге үйлестікте қауіпсіз және сенімді шешімдердің кепілдігі болып табылады.

web-master.kz