+
+
.
.
.
.

«Изоплюс Орталық Азия» ЖШС Isoplus еуропалық компаниясының еншілес кәсіпорны және жылумен қамтамасыз етуге арналған алдын ала оқшауланған болат құбыр желілерінің 100% қазақстандық өндірушісі болып табылады.

Зауыттың құрылысына Жеделдетілген Индустриялық-Инновациялық Даму Мемлекеттік Бағдарламасының (ЖИИДМБ) шеңберінде Қарағанды қаласында «Сарыарқа» ЕЭА аумағында бастамашылық жасалды. Жаңа қазақстандық өндірушінің құрылтайшысы және иегер компаниясы Isoplus Fernwärmetechnik GmbH орталық Германияның Зондерсхаузен қаласында орналасқан топтың ең ірі зауыты болып табылады. Isoplus компаниясы тобының штаб пәтері Германияның Розенхайм қаласында Бавария федералдық жерінің оңтүстігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Isoplus – Германияда, Австрияда, Италияда, Чехияда, Венгрияда, Сербияда, Румынияда, Кувейтте және Қазақстанда тоғыз зауыты бар, энергия тасымалдаушыларды беруге арналған құбыр желілерінің алдын ала оқшауланған жүйелерінің ең ірі еуропалық өндірушісі. Isoplus нарығының Германиядағы үлесі 65%, Австрияда 70% асады.

Isoplus алдын ала оқшауланған құбыр жүйелерін өндірудің жаңа технологияларының әзірлеушісі және патент иесі болып табылады, Германияның Жылу Жүйелерінің Федеративтік Бірлестігіне кіреді, сонымен қатар, Германиядағы Алдан ала Оқшауланған Құбырларды Өндіру Саласында Сапаны Бағалау және Стандарттау жөніндегі Комиссияның мүшесі болып табылады. Isoplus компаниясының «барлығы бір қолдан – толық аяқталған» корпоративтік философиясы сапамен, инновациялық өніммен және жеткізу сенімділігімен үйлесе отырып, 40 жылдық табыс тарихынан артық уақыт бойы өз беделін нығайтып келеді және нәтижесінде бүгінде Isoplus компаниясы халықаралық нарықта көшбасшы деп танылды.

Isoplus кәсіпорындарында бүкіл әлем бойынша 1 400 жуық қызметкер жұмыс істейді. Қосымша аймақтық филиалдар тікелей жергілікті жерлерде оңтайлы қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Isoplus жыл сайын 3 000 км артық алдын ала оқшауланған өнімді дайындайды және жеткізеді. Біз компанияның сертификатталған тобы болғандықтан, жеткізушілеріміздің өнімдері біздің дайын өнім секілді сапа бойынша сыртқы және ішкі инженерлер тарапынан қатаң бақыланады. Сондықтан біздің өнімдеріміз барлық қырынан еуропалық және аймақтық әрекеттегі стандарттардың, сонымен қатар, әрекеттегі барлық техникалық директивалардың талаптарына сәйкес келеді.

Isoplus — Сіздің Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Орталық Азиядағы серіктесіңіз!

web-master.kz