+
+

Өндіріс

Зауыт параметрлері

Орналасқан жері

100400 ҚР, Қарағанды облысы,
Бұқар жырау ауданы,
«Сарыарка» ЕЭА

Өндіріс қуаты

Жылына 25-тен 100 км құбырға дейін (Ду 1 000 - 25 км)

Зауыт ауданы

3192 м2

4 цех

Сығып шығару цехі,
металл дәнекерлеу цехі,
полиэтилен дәнекерлеу цехі,
көбікті полиуретанмен (КПУ) оқшаулау цехі

Жеткізу шарттары

CPT, FCA, EXW, CIP, DDP

Негізі қаланған күн

2011 ж.

Зауытты іске қосу күні

25.08.2014 ж.

Алдын ала оқшауланған құбырлар өндірісінің толық циклы мыналарды қамтиды:

  • Сығып шығару цехі. Диаметрі Ду 125-тен Ду 1 200 мм дейінгі полиэтилен қорғаныш қабықша (ПЭ-қабықша) өндірісі;
  • Металл дәнекерлеу цехі. Кез-келген күрделіліктегі бір қалыпта құйылған болат бұйымдар өндірісі (бұрғыштар, үштармақтар, үштармақ тарамдары);
  • Полиэтилен дәнекерлеу цехі. Экструдерленген полиэтиленнен БІР ҚАЛЫПТА ҚҰЙЫЛҒАН бұйымдарды жасау. Олар БІР ҚАЛЫПТА ҚҰЙЫЛҒАН болат бұйымдарға арналған қорғаныш қабықша ретінде қолданылады;
  • КПУ оқшаулау цехі. Полиэтилен қорғаныш қабықшадағы дайын болат құбырларды және БІР ҚАЛЫПТА ҚҰЙЫЛҒАН бұйымдарды оқшаулау.

Біз өз қызметімізде кешенді тәсіл принципін пайдаланамыз және осылайша әкімшіліктер мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды (МКК), жобалық ұйымдар мен ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖДАУ фирмалары тұлғасындағы тапсырыс берушілерді тартамыз. Клиенттердің әрқайсысына ұсынарымыз бар.

Сапаны қамтамасыз ету

ISOPLUS компаниясының тобында сапаны қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән береді. ISOPLUS компаниясының өндірістік кәсіпорындары DINENISO 9001 және DINENISO 14001 стандарттарына сәйкес сертификатталған, бұл жоғары техникалық деңгейде сапаның үздіксіз бақылануын қамтамасыз етеді. бұл басқару жүйелері компания қызметінің барлық саласын қамтиды, оның ішінде өндіру мен жөнелту, жоспарлау мен жобалау, сонымен қатар құрылыс жұмыстары мен құрастыруды жүргізу.

Сапаны бақылау Isoplus тобында EN 253 еуропалық стандарттары сақталатындықтан, Isoplus Ferwärmetechnik GmbH бас компаниясының әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Зауытта өзінің зертханасы бар, оның негізгі мақсаты дайын өнім сапасының барлық талаптарға сәйкес келуін бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

Кіріс бақылау

Кіріс бақылау Өндіріске жіберу алдында «Изоплюс Орталық Азия» ЖШС зауытында барлық келіп түсетін материалдардың МЕСТ 30732-2006 нормативтік құжаттарына сәйкестігі мұқият тексеріледі.

Бұл үшін зауыттың зертханасында сәйкес сынақтан өткізілген соң келіп түсетін шикізаттың әр жаңа топтамасынан сынамалар алынады.

Болат құбырларды және құбыр желісінің бөлшектерін кіріс бақылау кезінде құбырлардың сыртқы түрі мен беті, атаулы диаметрден ауытқуы, қабыорғасының қалыңдығы, сопақтығы, таңбалануы, құбырдың сапа паспортына сәйкестігі бақыланады.

Аралық бақылау

Жұмыстардың белгілі бір кезеңі аяқталғаннан кейін «Изоплюс Орталық Азия» ЖШС әр қызметкері бақылау жөніндегі әрекеттегі нұсқаулыққа сәйкес өз жұмысының сапаға сәйкестігін тексеруге міндетті. Сонымен қатар, өндіру процесінде кіріс бақылау шеңберінде сапаны қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері сәйкес стандарттар мен директиваларда қаралған тексерістер мен бақылау процедураларын жүргізеді және құжаттайды.

Ақырғы бақылау

Жеткізілім алдында барлық өнімдер ақырғы бақылаудан өтеді және олардың дайындалу сапасын сапа бөлімінің инженерлері растайды. Тек сапа бөлімінің Isoplus сапа бақылауынан өту заттаңбасымен таңбаланған тауарлар тиеуге жіберіледі.

Сапа менеджменті жүйесін іске асыру шарты барлық процестерді жүйелі ұйымдастыру және олардың орындалуын күн сайын бақылау болып табылады.

web-master.kz