+
+

Isojoint 3 жалғастырғышы

Isoplus дәстүрлі түрде пайдаланылатын теримиялық отырғызылатын және электрмен дәнекерленетін жалғастырғыштармен қатар құбырлардың жігін оқшаулау үшін қосарлы түрде саңылаусыздандырылған құрылымдалған (тігілген) полиэтиленнен жасалған жалғастырғыштың жаңа түрін IsojointIII®ұсынады.

IsojointIII® жалғастырғышын құрастыру үш кезеңмен орындалады:

  • жікті дайындау, кемуді қашықтан бақылау сымдарын қосу;
  • КПУ оқшаулау;
  • жалғастырғышты термиялық отырғызу.

Жалғастырғышты құрастыру үш кезеңмен орындалады:

Бұл технологияда жалғастырғышты термиялық отырғызу жікті КПУ-мен оқшауланғаннан кейінгі құрастырудың соңғы кезеңі болып табылады. Осылайша, оқшаулағыш материалдың сапасын бақылауды бұзбайтын әдіспен жүргізу мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар, жалғастырғышты термиялық отырғызудан бұрын көзбен шолу арқылы оқшаулағыш материалдың жалғастырғыш қуысында біркелкі таралғанына көз жеткізуге болады. Сондай-ақ, енді КПУ-ды құю үшін бұрғылап тесудің және сол тесіктерді оқшаулау жүзеге асырылғаннан кейін полиэтилен тығындармен дәнекерлеудің қажеті жоқ.

IsojointIII® жалғастырғышы сондай-ақ құбыр желісінің статикасына арналған бірқатар артықшылықтарға ие. Күшейтілген (қосарлы) саңылаусыздандыру арқасында жалғастырғыштың бұл түрін жерасты сулары болған және басқа да күрделі эксплуатациялық жағдайларда пайдалану ұсынылады. 

web-master.kz